Будапеште өтетін Grand Slam турнирінде күресетін қазақстандық дзюдошылар кімдер?
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп жазады malimsports.kz.
Аталған сында ел атынан 15 спортшы татамиге шығады. Ұлттық құраманың толық құрамы мынадай:
Ерлер:
60 кг: Мағжан Шамшадин, Нұрәділ Алжан;
66 кг: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов;
73 кг: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
81 кг: Досхан Жолжақсынов;
90 кг: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов;
100 кг: Асқар Біржанов;
100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы.
Әйелдер:
48 кг: Диана Буркеева;
78 кг: Кәмила Берліғаш, Акерке Рамазанова.
Айта кетейік, халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған