457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионатына қатысатын дзюдошылар белгілі болды

18-19 шілде күндері Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық додада Қазақстан намысын қорғайтын құрам белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлдар арасында ел намысын тоғыз спортшы қорғайды. Олар: Әлішер Тұрсынәлі, Дамир Сырлыбай (60 кг), Ролан Қайырғали, Ерасыл Ержанов (66 кг), Мұхамедәлі Закиров (73 кг), Досбол Балғабай, Ералы Кеңесхан (81 кг), Санжар Еруланұлы (100 кг) және Шерхан Әлпанов (100 кг).

Қыздар құрамасына да тоғыз дзюдошы енді. Атап айтқанда, Айнара Сейтжанова мен Айзат Наукенова (48 кг), Нұрбала Зайнұл (52 кг), Айдана Әбиханова мен Дәмеля Асылханова (63 кг), Гүлдана Марлен мен Шынар Бітімбай (70 кг), Гүлсезім Тұрлыбек (78 кг) және Руслана Махатова (78 кг) Азия чемпионатында бақ сынайды.

Еске салайық, өткен жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтаған болатын.

 

Фото: ijf.org