457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: Жас дзюдошылары 12 жүлдеге қол жеткізді

Ұлттық құрама аталған бәсекеде бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады malimsports.kz
Ұлттық құрама аталған бәсекеде бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін), Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Ал Дәмелі Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін), Руслана Махатова (78 келіден жоғары) күміс медальға ие болды.
Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін), Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Фото: ҰОК