457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды  

Қатысушылар қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы бас қостығ деп хабарлайды malimsports.kz
Қатысушылар қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және өзге де әлемнің үздік дзюдошылары оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Алматы облысында өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынына 30 елден 711 дзюдошы тіркелген. Мұндай ауқымды халықаралық жаттығу жиыны тек Қазақстан емес, Орталық Азия аймағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы