457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

20 қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында бақ сынайды

20-23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлдар құрамасы:

50 келі: Бекарыс Құдайберген, Әділжан Нұрбекен;

55 келі: Бақдәулет Ізбасар;

60 келі: Расұлхан Ғабит, Ахмет Баубек;

66 келі: Ерік Үсенов;

73 келі: Бекәлі Еркен;

81 келі: Әлижан Сайлаубеков;

90 келі: Шыңғыс Қонысбек;

+90 келі: Әділжан Жаудинов.

Қыздар құрамасы:

40 келі: Жанель Айтбай, Әдия Жанахмет;

44 келі: Рамина Әбішева;

48 келі: Аянат Жұбатқан, Зере Талғатқызы;

52 келі: Фатима Сүпіғалиева;

57 келі: Інжу Жұмажан, Еркеназ Сембек;

63 келі: Азима Серік;

+70 келі: Тоғжан Төлебай.

Айта кетейік, спортшылардың бірі жарақат алған жағдайда Қазақстан құрамасының тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, 2025 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алған еді. Ернұр Батырғали (60 келі) әлем чемпионы атанса, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 келі) күміс жүлдеге ие болды. Ал Арман Мұса (50 келі), Ролан Қайырғали (66 келі) және Әділжан Жаудинов (+90 келі) қола медаль еншілеген. Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте алтыншы орынға тұрақтаған болатын.

 

Фото: ijf.org