Мәзір
Футбол

Уэлске қарсы ойында алаңға шығатын Қазақстан футболшыларының тізімі жарияланды

Сабина Асқарқызы 20 қаралым
Уэлске қарсы ойында алаңға шығатын Қазақстан футболшыларының тізімі жарияланды

Бүгін Астанада өтетін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу бәсекесінде алаңға шығатын ұлттық құраманың тізімі жария болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Уэлске қарсы ойында қақпашы Темірлан Анарбековке ерекше зор сенім артылып отыр. Ал оң қаптал қорғаушылар Бағдат Қайыров, орталық қорғаушылар (оңнан солға) Әлібек Қасым, Сергей Малый, Нұралы Әліп болмақ. Сол қаптал қорғаушылар Ян Вороговский. Орталық жартылай қорғаушылар арасында Рамазан Оразов, Серікжан Мұжықов ойын өрнегін көрсетеді.

Шабуылшы үштікте Максим Самородов (оң қанат), Дастан Сәтпаев (орталық) және Ғалымжан Кенжебек (сол қанат) сынды теңбіл доп шеберлеріне үміт артылған.

 

Астанада өтетін Қазақстан-Уэльс арасындағы матч алдында еуропалық құраманың бас бапкері Крейг Беллами жасанды алаңға қатысты сын айтқан болатын.


 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар