457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Уэлс бапкері Астана-Аренаның жасанды алаңын сынға алды

Бапкер Беллами футболшылардың синтетикалық алаңда ойнағаннан кейінгі физикалық жағдайына алаңдайтынын айтып отыр.

Футболдан Астанада өтетін Қазақстан-Уэльс арасындағы матч алдында еуропалық құраманың бас бапкері Крейг Беллами жасанды алаңға қатысты сын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан-Уэльс ойыны бүгін кешке Астанада өтеді. Бапкер Беллами футболшылардың синтетикалық алаңда ойнағаннан кейінгі физикалық жағдайына алаңдайтынын айтып отыр.

«Ашық айтайын, мұндай жабындарға мүлде қажеттілік жоқ деп ойлаймын. Төменгі лигаларда қаржы жетіспегендіктен табиғи газонды ұстап тұру қиын екенін түсінемін. Бірақ ең жоғары деңгейде алаң тек табиғи шөп болуы тиіс. Әрине, Бельгияда да бір-екі жасанды алаң бар, бірақ бұл басқа жағдай», – деді ол Nation Cymru тілшісімен болған сұхбатта.

Крейг Беллами әңгіме барысында денсаулыққа зиян екенін жиі қайталап айта берді.

«Бұл Қазақстан құрамасы үшін артықшылық бола ма, білмеймін. Қалай болғанда да, доп домалай береді. Маған ойыннан кейін аяққа түсетін салмақ әлдеқайда маңыздырақ саналады. «Шөптің үстінде сырғанап кетесің, ал жасанды алаңда аяқ тұрып қалады. Соққыны өзің қабылдайсың, айналым жоқ. Бұл аяққа, әсіресе тобық пен буындарға артық салмақ түсіреді. Ойынға әсерінен гөрі буындар мен аяқтарға қаншалық зиян келтіретіні туралы көбірек ойлаймын. Дегенмен, кейбір ойыншыларға мұндай алаң ұнайды», -  деді Беллами.