Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Таиландтың Бангкок қаласында баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының В дивизионы жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынында Кук аралдарының командасын 73:48 есебімен жеңіп, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұған дейін қазақстандық баскетболшылар алғашқы турда Самоаны 88:59 есебімен ұтқан болатын.
Екі турдан кейінгі нәтижеге сәйкес, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.
Енді ұлттық құрама топтағы бірінші орын үшін Ливан құрамасымен кездеседі. Турнир регламентіне сәйкес, топ жеңімпаздары бірден жартылай финалға өтсе, екінші және үшінші орын алған командалар ширек финалдан бастап жарысты жалғастырады.
Чемпионаттың екінші тобында Индонезия, Үндістан, Таиланд және Оман құрамалары бақ сынауда.
Айта кетейік, В дивизионының жеңімпазы келесі жылы өтетін Азия чемпионатының элиталық А дивизионына жолдама алады.
Фото: instagram/asiacupwomen
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған