Бейбарыс Ерсейіт Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеру жаттығуында үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, ең үздік әрекетінде 123 келіні көтерді. Бұл нәтиже оған екінші орын әперді.
Алтын жүлде небәрі бір келі айырмашылықпен Солтүстік Кореяның өкілі Джин Мен Воға (124 келі) бұйырса, қола медальді Сауд Арабиясынан Абдулла Алмохаймед (122 келі) жеңіп алды.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған