Царукян мен Шара «Буллет» грэпплинг ережесі бойынша белдесті
UFC жауынгерлері – Армения тумасы Арман Царукян мен дағыстандық Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедов Ереван қаласында өткен Hype Fighting турнирінде грэпплинг ережесі бойынша белдесті.
Әлемдегі ең танымал ММА-промоушеннің екі өкілінің бұл кездесуі Hype FC турнирінің басты оқиғасына айналды. Сарапшылар Арман Царукянның айқын басымдықпен жеңіске жететінін болжағанымен, жекпе-жек күтпеген нәтижемен – тең есеппен аяқталды.
Белдесу барысында UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде көш бастап тұрған Царукян күресте белсенділік танытып, қарсыласын қысымға алды. Алайда орта салмақта өнер көрсететін Шара «Буллет» Магомедов тәжірибесі мен төзімділігін көрсетіп, қарсыласының шабуылдарына лайықты жауап берді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті тең деп бағалады.
Айта кетейік, Арман Царукян бұған дейін 18 желтоқсанда Мәскеуде өткен ACBJJ турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша чеченстандық Мехди Байдулаевты арқадан қылқындыру әдісімен жеңіп, арнайы «All Stars» белбеуін иеленген болатын.
Ал Шарабутдин Магомедов соңғы рет 2025 жылдың 26 шілдесінде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде октагонға шықты. Ол бұл жекпе-жекте канадалық Марк-Андрэ Баррионы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жанкүйерлердің жоғары бағасына ие болды.
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған