457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Арман Царукян Дохада Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді

Бұл жеңіс Арман Царукянның кәсіби мансабындағы 23-ші жеңісі ретінде тіркелді.

Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі ресейлік файтер Арман Царукян мен америкалық тәжірибелі спортшы Дэн Хукер октагонға шықты.

Бес раундқа жоспарланған айқас толық уақытқа созылған жоқ. Екінші раундта Царукян қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, кештің ең жарқын да айқын аяқталған жекпе-жектерінің бірін көрсетті.

Бұл жеңіс Арман Царукянның кәсіби мансабындағы 23-ші жеңісі ретінде тіркелді. Ең маңыздысы – ол осы нәтижеден кейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурияның ресми міндетті қарсыласына айналды.

29 жастағы Царукян осылайша қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның рекорды – 23 жеңіс, 3 жеңіліс. Айта кетейік, биыл қаңтарда ол Ислам Махачевпен титулдық айқас өткізуі керек еді, алайда арқа жарақатына байланысты жекпе-жек алдындағы күні турнирден шығып қалған.

Америкалық Дэн Хукер үшін бұл мансабындағы 13-ші жеңіліс болды. Оның активінде 24 жеңіс бар.

Жеңістен соң Арман Царукян тікелей эфиде жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурияға айқасқа шақыру тастады. Грузиялық файтер жақында Ислам Махачевтің салмақ ауыстыруына байланысты босаған чемпиондық белдікті бразилиялық Чарльз Оливейраны нокаутқа түсіріп жеңіп алған болатын.

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images