457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жоан Лапорта Мессидің «Барселонадан» кетуі туралы шындықты айтты

Біз Мессиді тіркеу үшін CVC келісіміне қол қоюдан бас тарттық

«Барселона» президенті Жоан Лапорта клуб тарихындағы ең ауыр сәттердің бірі – Лионель Мессидің кетуі болғанын мойындады. Бұл туралы El Nacional басылымы жазды.

Функционердің айтуынша, аргентиналық жұлдызбен келісімшартты ұзартпау шешімі тек клубтың қаржылық жағдайына байланысты қабылданған.

«Біз Мессиді тіркеу үшін CVC келісіміне қол қоюдан бас тарттық, себебі оны клубқа зиян деп санадық. «Барселона» кез келген ойыншыдан, президенттен немесе директордан жоғары тұруы керек. Президент ретіндегі мен үшін ең өкінішті сәт – осы болды», – деді Лапорта.

Лапорта қазіргі таңда Мессимен арадағы қарым-қатынас бұрынғыдай емес екенін де жасырмады. Оның сөзінше, арадағы салқындық «Алтын доп» марапаттау рәсімінен кейін басталған.

«Мен оған амандасу үшін жақындадым, бірақ ол бұлай жасаудың қажеті жоқ деп шешті. Кейін байланыс орнатуға талпыныстар болды. Қарым-қатынасқа сызат түсті, бірақ ол – «Барселонаның» аңызы», – деді клуб басшысы.

Соған қарамастан, Лапорта Мессиге лайықты қоштасу ұйымдастыру керек деп есептейді.

«Лео «Камп Ноуда» Йохан Кройфф секілді ескерткіш алуға лайық.
Сондай-ақ толыққанды қоштасу матчы өтуі тиіс. Ең қолайлы сәт – стадион толық қайта жөндеуден өтіп, 100 мыңнан астам көрерменді қабылдай алатын кезде», – деді ол.

 Фото: ©depositphotos.com/Maxisports