457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зиданның ұлы Испанияның «Леганес» клубына ауысты

2025 жылдың қыркүйегінде Лука Зидан спорттық азаматтығын өзгертіп, Алжир құрамасында ойнауға шешім қабылдаған.

Зинедин Зиданның ұлы Лука Зидан Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Леганес» клубымен келісімшартқа отырды. 28 жастағы қақпашы командамен «1+1» жүйесі бойынша келісім жасасқан, деп хабарлайды malimsports.kz

Клубтың ресми сайтында хабарланғандай, Лука Зидан «Леганеспен» бір маусымға келісімшартқа қол қойып, оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігіне ие болды.

7 тамызда қақпашы «Гранадамен» келісімшартын бұзып, еркін агент атанған. Лука Зидан бұл клубта 2024 жылдан бері ойнап, екі маусым ішінде Испания чемпионаты мен Кубогында 45 матчқа қатысқан.

Лука Зидан – Мадридтің «Реал» клубының түлегі. Ол мансабында «Расинг» (Сантандер), «Райо Вальекано» және «Эйбар» командаларында да өнер көрсетті. Сондай-ақ Францияның түрлі жасөспірімдер және жастар құрамаларына шақырылған.

2025 жылдың қыркүйегінде Лука Зидан спорттық азаматтығын өзгертіп, Алжир құрамасында ойнауға шешім қабылдады. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына Алжир ұлттық құрамасының сапында қатысты. Команда 1/16 финалда Швейцариядан 0:2 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Лука Зидан – 1998 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Еуропа чемпионы және «Алтын доп» иегері Зинедин Зиданның ұлы.

Зинедин Зиданның тағы үш ұлы кәсіби футболмен айналысады. 30 жастағы Энцо Зидан жартылай қорғаушы ретінде мансабын аяқтаған. 23 жастағы Тео Зидан «Кордоба» сапында ойнайды, ал 19 жастағы Эльяс Зидан «Ред Стар» клубының қорғаушысы.

Өткен маусымда «Леганес» Испанияның Сегунда дивизионында 16-орын алды.

Фото:  Getty Images