457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Зенитке келмеді": Ресейлік БАҚ Дастан Сәтбаевтың әлеуетіне баға берді

Сәтпаевқа бұған дейін «Зенит» клубы да қызығушылық танытып, тіпті Андрей Аршавин оның трансферін қолдаған.

Ресейлік БАҚ-тар "Қайрат" клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Зенит» клубы да қызығушылық танытытқанын жаза бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сәтпаевқа бұған дейін «Зенит» клубы да қызығушылық танытып, тіпті Андрей Аршавин оның трансферін қолдаған. Бірақ «Қайрат» жас шабуылшыны 3 млн еуродан арзанға жібермейтінін мәлімдеп, келісім жүзеге аспады, - деп жазды "Sport-express" басылымы.

Оның небәрі 16 жасында ағылшынның атақты «Челси» клубымен келісімшартқа қол қойғанын атаған басылым, ФИФА ережесіне сай, ресми трансфер 2026 жылдың тамызында жүзеге асатынын, яғни Сатпаев 18 жасқа толғаннан кейін ғана Лондон клубына қосылатына тоқталған. 

Скауттардың айтуынша, Дастанның басты қаруы – жоғары жылдамдық пен қос аяқпен бірдей дәл соққы жасау қабілеті. Ол биыл 15 гол және 8 нәтижелі паспен көзге түсті. Сонымен қатар, прессингке қатысуы, кеңістікті дұрыс пайдалана білуі, дриблинг пен пас беру шеберлігі де жоғары бағаланып отыр, - деп жазды аталған БАҚ. 

Сондай-ақ, олар Сәтбаевтың әлсіз тұстары да барын айтқан. Мәселен, физикалық тұрғыдан әлі де шымыр емес және бір матчта орта есеппен 4,9 км жүгіретіні – қазіргі футбол стандарттарына төмен көрсеткіш (орташа 9–11 км) деп отыр. 

Болашағы қандай?

Дастан алдымен «Челсидің» жастар командасында немесе клубтың серіктесі саналатын «Страсбург» сапында ойнауы мүмкін. Болмаса, басқа еуропалық клубқа жалға берілуі ықтимал.

«Дастанның жетістігі қазақстандық жасөспірімдерге үлкен шабыт болады. Біздің балалар енді армандап қана қоймай, сол арманға жетудің жолын көреді – «Челсиге», «Барселонаға», «Ман Ситиге» жетуге болады», – деп «Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаевтың пікірін келтірген. 

Фото: Ашық дереккөзден