457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Жеңіс» нигериялық шабуылшы Самсон Иедені қатарға қосты

Самсон Иеде кәсіби мансабын Данияның «Митьюлланд» клубының жастар құрамында бастаған

Астаналық «Жеңіс» футбол клубы 28 жастағы нигериялық шабуылшы Самсон Иедемен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.

Самсон Иеде кәсіби мансабын Данияның «Митьюлланд» клубының жастар құрамында бастаған. Кейін ол түрлі еуропалық командалардың сапында өнер көрсетті. Атап айтқанда, шабуылшы «Фремад», «Хорсенс», «Фредерисия», Бельгияның «Ломмел» клубында, сондай-ақ Украинаның «Ворскла» және Сербияның «Нови Пазар» командаларында ойнаған.

Ойыншы өз мансабында барлығы 269 матч өткізіп, 63 гол соғып, 26 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Самсон Иеденің нарықтағы трансферлік құны 450 мың еуроны (шамамен 263 млн теңге) құрайды.

Айта кетейік, өткен маусымда «Жеңіс» Қазақстан Премьер-лигасында 6-орын иеленген болатын.