Мәзір
Футбол

«Жеңіс» клубына грузиялық шабуылшы келді

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
«Жеңіс» клубына грузиялық шабуылшы келді

Елордалық «Жеңіс» клубы 28 жастағы грузиялық шабуылшы Лука Имнадземен ресми келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Лука Имнадзе – Грузияның «Гурия» клубының түлегі. Ол өз елінде «Сабуртало», «Колхети», «Рустави» және «Самтредия» командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ шабуылшы Әзербайжан чемпионатында «Сабаил» сапында өнер көрсеткен.

Қазақстанда Имнадзе бұған дейін «Ақжайық», «Қызылжар» және «Ордабасы» клубтарында ойнаған.

Қазақстан Премьер-лигасында Лука Имнадзе жалпы 106 матч өткізіп, 15 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар