457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жапония құрамасы алаң сапасына байланысты базасын ауыстырды

Жаттығу кезінде ойыншылар алаңның тегіс емес екенін, кей жерлерінде шұңқырлар мен лай учаскелері барын айтып шағымданған.

Футболдан Жапония ұлттық құрамасы жаттығу алаңындағы көгал сапасының нашар болуына байланысты оқу-жаттығу базасын ауыстырды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бастапқыда жапон футболшылары Мексиканың Tigres UANL клубының базасында дайындалуы тиіс болған. Алайда ойыншылар алаңның тегіс емес екенін, кей жерлерінде шұңқырлар мен лай учаскелері барын айтып шағымданған.

«Кешегі алаңның жағдайы жақсы болған жоқ. Жері қатты, шұңқырлар көп болды. Жалпы талапқа сай келмеді. Ойыншылардың өзі алаңға шығудан қауіптенді, сондықтан базаны ауыстыруға тура келді», – деді жапониялық жартылай қорғаушы Такэфуса Кубо. 

Нәтижесінде Жапония құрамасы Monterrey клубына тиесілі «Эль Барриаль» базасына көшті. Бұл клуб «Тигрестің» басты қарсыластарының бірі саналады.

Жапония құрамасының ресми оқу-жаттығу лагері АҚШ-тың Nashville қаласында орналасқан. Команда ол жаққа 8 маусым күні аттанады.

АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылады. Жапония құрамасы F тобында Нидерланд, Швеция және Тунис құрамаларымен кездеседі.

Фото: Ашық дереккөзден