457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зайнутдиновтың трансферлік құны 300 мың еуроға төмендеді

Бұл тізімде қазақстандық үш футболшы бар. 

Transfermarkt аналитикалық порталы Ресей Премьер-лигасында (РПЛ) өнер көрсетіп жүрген футболшылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл тізімде қазақстандық үш футболшы бар. Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген Бахтиер Зайнутдиновтың трансферлік құны 300 мың еуроға төмендеді. Қазір 27 жастағы жартылай қорғаушы 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл - оның соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіші.

Маусымаралық кезеңде Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубынан Мәскеудің «Динамо» командасына ауысқан. Жарақатына байланысты ол 19 қазаннан бері алаңға шыққан жоқ, бұл да оның нарықтық құнының төмендеуіне әсер еткен.

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында ойнайтын қорғаушы Нұралы Әліптің және Грозныйдың «Ахмат» командасының шабуылшысы Максим Самородовтың трансферлік құны өзгеріссіз қалды. Екеуі де 2,5 миллион еуро деп бағалануда.

Аталған үш қазақстандық футболшының ішінде трансферлік құны бойынша тек Дастан Сатпаев алда тұр. Алматының «Қайрат» клубында ойнайтын 17 жастағы шабуылшының нарықтық бағасы қараша айында 3 миллион еуроға дейін өскен.

Фото: Zakon.kz