Жағажай футболынан ел чемпионаты аяқталды
Көкшетауда жағажай футболынан 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Турнирдің жеңімпазы Павлодардың «Арман» командасы атанып отыр.
Чемпионаттың бірінші кезеңіндегі матчтар Павлодарда өтті. Екінші кезең Көкшетауда, Қопа көлінің жағасында арнайы салынған аренада өтті.
Маусым қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодардың «Арман» командасы иеленді. Екінші орын Тараздың «Omega» клубына бұйырса, үшінші орын «Арман 1» командасына тиесілі болды.
Қорытынды турнирлік кесте:
«Арман» (Павлодар)
«Omega» (Тараз)
«Арман 1» (Павлодар)
Сондай-ақ чемпионат қорытындысы бойынша маусымның үздік ойыншылары анықталды.
Жеке марапаттар:
Үздік қақпашы – Бақытжан Бауржан («Көкшетау», Көкшетау)
Үздік қорғаушы – Тимур Ершин («Арман», Павлодар)
Үздік сұрмерген – Саид Музарапов («Omega», Тараз)
Үздік креативті ойыншы – Жасұлан Исаев («Omega», Тараз)
Үздік жас ойыншы – Даниель Кошкарев («Арман», Павлодар)
Үздік ойыншы – Баянбек Муралинов («Арман», Павлодар)
Фото: ҚФФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған