457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юрген Клопп Германия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Германия футбол одағы (DFB) Юрген Клопптың ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

59 жастағы маман Германия құрамасымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Клопп бұл қызметте 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін кеткен Юлиан Нагельсманнің орнын басты. Сол мундиальда Германия құрамасы 1/16 финалда Парагвайдан жеңіліп, жарысты ерте аяқтаған болатын. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында парагвайлықтар 4:3 есебімен басым түсті.

Юрген Клопп бапкерлік мансабын 2001 жылы «Майнц 05» клубында бастады. Бұған дейін ол осы команданың ойыншысы болған. Оның жетекшілігімен «Майнц» тарихында алғаш рет Бундеслигаға жолдама алды.

2008 жылы Клопп «Боруссия Дортмундтың» тізгінін ұстап, команданы қатарынан екі рет Германия чемпионы атандырды. Сондай-ақ клубты Чемпиондар лигасының финалына шығарды.

2015 жылы неміс маманы «Ливерпульдің» бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен ағылшын клубы Англия Премьер-лигасын, Англия кубогын, Англия лигасы кубогын (екі рет), Англия Суперкубогын, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Осылайша «Ливерпуль» 1990 жылдан бері алғаш рет Англия чемпионы атанды.

2023/24 жылғы маусым аяқталған соң Клопп «Ливерпульден» кетіп, бапкерлік қызметін тоқтататынын мәлімдеген еді.

Кейін, 2024 жылдың қазанында, ол Red Bull компаниясының футбол операциялары жөніндегі жетекшісі қызметіне кірісті. Компанияның футбол жүйесіне «РБ Лейпциг», «Ред Булл Зальцбург», «Нью-Йорк Ред Буллз» және «Ред Булл Брагантино» клубтары кіреді.

 

Фото: Alexander Hassenstein / Getty Images