Шотландия Премьер-лигасының 29-турында эдинбургтік «Хартс» өз алаңында «Абердинді» 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз голды 28-минутта португалиялық шабуылшы Клаудио Брага соқты.
Қазақстандық вингер Ислам Чесноков бұл ойынды қосалқы құрамда бастады. Ол матчтың 88-минутында гол авторын алмастырып, алаңға шықты.
Осы жеңістен кейін «Хартс» 29 тур қорытындысы бойынша турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Фото: «Хартс» клубының баспасөз қызметі