457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы қайтыс болды

«Хан-Тәңірі» және Екібастұз командасы арасындағы матч кезінде қайғылы оқиға тіркелді

Алматыда Қазақстан бірінші лигасының футбол чемпионаты аясында жергілікті «Хан-Тәңірі» және Екібастұз командасы арасындағы матч кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті. «Қайрат» ФК Академиясы Диастың академия түлегі болғанын жазған. Сондай-ақ «Қайрат» футбол клубы спортшының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Диас 2016–2023 жылдары біздің Академияда тәрбиеленіп, алғашқы QJ League маусымында «Қайрат» U-18 командасының сапында чемпион атанған. Ол мейірімділігімен, еңбекқорлығымен ерекшеленіп, бапкерлері мен командаластарының құрметіне ие болды. «Қайрат» футбол клубы Диастың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз, — делінген клуб таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, ойынның 62-минутында «Хан-Тәңірі» ойыншысы Диас Төлеу алаңға құлады. Көп ұзамай футболшыны зембілмен алып кетті. Трансляцияда оның есін біліп жатқанын көруге болады. Аталған оқиғадан кейін үш сағат өткен соң Қазақстан футбол федерациясы Диас Төлеудің қайтыс болғанын хабарлады.

Фото: ҚФФ