Хамес Родригес Қазақстан клубынан 1,2 миллион еуро жалақы сұраған
Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) бір топ клубы және Польшаның бірнеше командасы колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригесті өз сапына қосу мүмкіндігін қарастырған.
Meczyki басылымының мәліметінше, бұрын мадридтік «Реалда» ойнаған футболшы келісімшарт үшін өте жоғары қаржылық талап қойған. Дереккөздің хабарлауынша, Родригес жылына шамамен 1,2 миллион еуро жалақы сұраған. Бұл сома салықтарды есептемегендегі көрсеткіш.
Аталған талаптар Польша клубтарының шешіміне тікелей әсер еткен. Себебі мұндай жалақы жергілікті чемпионаттағы жоғары деңгейлі ойыншылардың табысымен тең.
Бұл сома Қазақстан чемпионатындағы футболшылардың жалақысынан әлдеқайда жоғары. Мысалы:
Португалиялық Нани («Ақтөбе») жылына 840 мың доллар табыс табады
Виктор Мозес («Қайсар») жылына 200 мың доллардан артық алмайды
Бұған дейін экс-Бразилия құрамасының ойыншысы Халк «Ақтөбеден» жылына 2 миллион еуро талап еткені де белгілі
Хамес Родригес – «Реал» сапында екі мәрте Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2015/2016 және 2016/2017 маусымдары). Сонымен қатар ол мансабында:
«Порту»
«Монако»
«Бавария»
сияқты Еуропаның алпауыт клубтарында өнер көрсеткен.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та «Ақтөбенің» Хамеске қызығушылық танытқаны жазылған. Ол клубтың шорт-парағында Джердан Шакири және Халкпен бірге болған.
ФОТО: Getty Images
Ең көп оқылған