457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Реалдан» кеткен Хаби Алонсо қатты өкінетінін мәлімдеді

Хаби Алонсо «Реал» клубына 2025/26 жылғы маусымның алдында келген болатын.

Испаниялық маман Хаби Алонсо Мадридтің «Реал» клубындағы бас бапкерлік қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет ресми Instagram парақшасында мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

44 жастағы бапкердің отставкасы туралы ақпарат 12 қаңтар күні ресми түрде расталды. Хаби Алонсо «Реал» клубына 2025/26 маусымының алдында келген болатын.

«Бұл кәсіби кезең аяқталды және өкінішке қарай, бәрі ойдағыдай бола қойған жоқ. Мадридтік “Реалдың” бас бапкері болу - мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік еді. Клубқа, футболшыларға және ең алдымен жанкүйерлерге сенім мен қолдау үшін алғыс айтамын. Мен бұл жерден үлкен құрметпен, ризашылықпен және қолымнан келгеннің бәрін жасағаныма мақтанышпен кетіп барамын», - деді Алонсо.

«Реалдың» жаңа бас бапкері қызметіне 42 жастағы испандық маман Альваро Арбелоа тағайындалды. Оның жетекшілігіндегі мадридтік клубтың алғашқы ойыны 14 қаңтар күні өтеді. Бұл матчта «Реал» Испания Кубогының 1/8 финалында «Альбасете» командасымен кездеседі.

Фото: Ашық дереккөзден