457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хаби Алонсо: Чемпиондар лигасында алғаш ойнап жатыр, бірақ олардың әлеуеті зор

«Қайрат» бұл ойынға барынша дайын болады

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур ойыны қарсаңында «Қайратқа» қарсы өтетін матч жайлы пікір білдірді.

– Біз алғашқы минуттардан бастап жақсы футбол көрсетеміз деп ойлаймын. Алдыңғы ойынды талдап шықтық, енді Чемпиондар лигасында жеңіске жеткіміз келеді. Қолда бар ойыншыларымызбен ең үлкен мақсаттарға ұмтыламыз. Біз үшін командалық рух қалыптастыру аса маңызды, – деді Алонсо.

Оның айтуынша, ұзақ сапардың әсері болуы мүмкін, бірақ ешқандай сылтау іздеудің қажеті жоқ:
– Әрине, 24 сағаттық сапардан соң аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Дегенмен біз Чемпиондар лигасын жақсы бастағымыз келеді.

– Негізгі құрам ойыншыларына демалыс беру қарастырылды ма?
– Қалай болғанда да біз матчқа шығамыз, алаңға 11 ойыншы шығады. Біз «Қайраттың» алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып жатқанын білеміз, бірақ олардың қолынан көп нәрсе келеді.

– «Қайраттың» «Спортингке» қарсы ойынын көрдіңіз бе?
– Иә, көрдік. Олар комбинациялық футбол көрсетті.

– Ертеңгі ойынға қатысты алаңдаушылық бар ма?
– Әрине. Қарсылас Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтті, «Селтикті» жеңді. Сондықтан ешқандай күмән жоқ. «Қайрат» бұл ойынға барынша дайын болады, – деп түйіндеді мадридтік клубтың бас бапкері.