Хаби Алонсо алғаш рет Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді
«Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо Аустралияның «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткен жолдастық кездесуден кейін қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған кездесуде лондондық клуб 6:4 есебімен жеңіске жетті. Дастан Сәтпаев матчта гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түскен болатын.
Хаби Алонсоның айтуынша, маусымалды дайындық барысында бапкерлер штабы құрамдағы барлық ойыншыны мұқият бақылап, алдағы маусымға қатысты шешім қабылдайды.
Маусымалды дайындық кезінде көптеген шешім қабылдауымыз керек. Былтыр бізбен бірге болмаған ойыншыларды көруге мүмкіндік туғаны жақсы. Кейін барлық шешімді қабылдаймыз. Сондықтан қазір маусымның алғашқы ойынына қандай құрам шығатыны туралы айтуға әлі ерте, – деді ол.
Испаниялық маман Дастан Сәтпаевтың ойын ерекшелігіне де тоқталды.
Дастан Сәтпаев қарсылас қақпасының маңында үнемі қауіп төндіріп жүреді. Ол қорғаныс пен жартылай қорғаныс арасындағы бос кеңістікті өте жақсы пайдаланады, шабуылшыға жақын ойнайды және қапталдан сауатты түрде орталыққа ығысады. Бұл – оның Алматыдан көшкеннен кейінгі және біздің клубтағы алғашқы тәжірибесі. Соған қарамастан, әзірге өте жақсы әсер қалдырып жүр», – деді бас бапкер.
Журналистердің Дастанның Англия Премьер-лигасының деңгейіне физикалық тұрғыдан дайын екені туралы сұрағына Хаби Алонсо қысқа әрі нақты жауап берді.
Дастан физикалық тұрғыдан өте мықты әрі өте жылдам. Ол сіздерді шынымен таңғалдырады деп ойлаймын, – деді «Челси» клубының бас бапкері.
Фото: "Челси" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған