457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Винисиусты қорлаған Престианни «Реалға» қарсы матчтан шеттетілді

17 ақпанда өткен кездесуде «Реал» сырт алаңда «Бенфиканы» 1:0 есебімен жеңген еді.

УЕФА-ның Бақылау, этика және тәртіптік инстанциясы мадридтік «Реалға» қарсы ойында кемсітушілік әрекетке барғаны үшін «Бенфиканың» аргентиналық вингері Джанлука Престианниді Чемпиондар лигасының бір матчына шеттетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

17 ақпанда өткен кездесуде «Реал» сырт алаңда «Бенфиканы» 1:0 есебімен жеңген еді. Матчтағы жалғыз голды Винисиус Жуниор соқты.

Ойын барысында бразилиялық шабуылшы Престианни өзін нәсілдік тұрғыда қорлады деп мәлімдеді. Осы жағдайға байланысты кездесу шамамен он минутқа тоқтатылған.

ESPN дереккөздерінің мәліметінше, Престианни айтқан сөздері нәсілшілдік сипатта емес, гомофобиялық мазмұнда болғанын алға тартқан.

Екі команда арасындағы 1/8 финалға шығу жолындағы қарымта матч 25 ақпанда Мадридте өтеді. Престианни бұл ойында алаңға шыға алмайды.

Фото: Getty Images