Мәзір
Футбол

Винисиус Жуниордың Мадридтегі үйінде өрт шықты

Сабина Асқарқызы 192 қаралым
Винисиус Жуниордың Мадридтегі үйінде өрт шықты

«Реал» және Бразилия құрамасының футболшысы Винисиус Жуниордың Мадрид маңындағы Алькобендас қалашығында орналасқан үйінде өрт шықты, деп хабарлайды malimsports.kz Marca-ға сілтеме жасап. 

Оқиға 9 қазан күні таңғы сағат 11 шамасында тіркелген. Өрт сөндірушілерге қоңырау Ла-Моралеха ауданынан түскен. Өрт нәтижесінде футболшының үйінің жертөлесінде орналасқан сауна толықтай жанып кеткен.

Оқиға кезінде Винисиус Жуниор үйде болмаған – ол Бразилия құрамасының оқу-жаттығу базасында жүрген. Ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен түтін ғимараттың екі қабатын басып қалған.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына саунадағы электр сымдарының ақауы себеп болуы мүмкін.

Фото: championat.com

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар