Венгрия-Қазақстан матчында камера операторға құлай жаздады
Венгрия мен Қазақстан футбол құрамалары арасындағы жолдастық матч кезінде камера-паук апатқа ұшырап, алаңға құлап түсті, деп хабарлайды malimsports.kz РИА Спорт-қа сілтеме жасап.
Оқиға матчтың 24-минутында болған. Камера-паук кенеттен қызып, тростан үзіліп кетіп, алаңның бүйір сызығына жақын жерге құлаған. Сол сәтте оператор да оқиға орнына жақын болған.
Алайда ойын эпизоды алаңның басқа бөлігінде өрбігендіктен, ешкім зардап шекпеген.
Осы жағдайдан кейін төреші ойыншыларды су ішу және қалпына келу үшін қысқа үзіліске жіберді. Бұл уақытта өрт сөндіру қызметі құлаған жабдықтың қалдықтарын алаңнан алып тастады.
Осыдан кейін матч қайта жалғасын тапты.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған