457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Усман Дембеле FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды

Салтанатты кеш Қатар астанасы Дохада өтті. Жеңімпаздар 2024/25 маусымының қорытындысы бойынша анықталды.

Француз футболшысы Усман Дембеле Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) тағайындайтын жыл сайынғы FIFA Best Awards сыйлығының басты жүлдесін иеленді. Бұл туралы марапаттау рәсімінде ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Салтанатты кеш Қатар астанасы Дохада өтті. Жеңімпаздар 2024/25 маусымының қорытындысы бойынша анықталды.

Осы кезеңде Дембеле Пари Сен-Жермен құрамында Чемпиондар лигасын және Франциядағы барлық ішкі титулдарды жеңіп алды. Сонымен қатар, ол бірнеше жеке марапатқа ие болып, Франция құрамасымен Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Усман Дембеле France Football басылымы тағайындайтын «Алтын доп» жүлдесін де жеңіп алған.

Әйелдер футболынан FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атағы үшінші жыл қатарынан испаниялық Айтана Бонматиға бұйырды. «Барселона» жартылай қорғаушысы соңғы үш жылда «Алтын допты» да қатарынан жеңіп алған.

Басқа номинациялар:

Үздік қақпашылар:
Джанлуиджи Доннарумма (Италия / ПСЖ, «Манчестер Сити»)
Ханна Хэмптон (Англия / «Челси»)

Үздік голдар:
Сантьяго Монтьель (Аргентина)
Лизбет Овалье (Мексика)

Үздік бапкерлер:
Луис Энрике (Испания / ПСЖ)
Сарина Вигман (Нидерланды / Англия құрамасы)

Ерлер мен әйелдер арасындағы FIFA символикалық құрамаларына ПСЖ, «Барселона», «Ливерпуль», «Реал», «Арсенал» және «Челси» клубтарының жетекші футболшылары енді.

Фото: bgnes.com