457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Усман Дембеле алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Бұл - футболшының кәсіби мансабындағы алғашқы Ballon d’Or марапаты болып отыр.

Париждің Théâtre du Châtelet театрында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде француз шабуылшысы Усман Дембеле «Алтын доп» (Ballon d’Or) сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл - футболшының кәсіби мансабындағы алғашқы Ballon d’Or марапаты болып отыр.

Усман Дембеле 2024/25 маусымында «Пари Сен-Жермен» (PSG) клубының негізгі ойыншыларының біріне айналып, өзінің жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсті. Ол маусым бойы 53 матчқа қатысып, 35 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. Оның бұл көрсеткіштері тек Франция біріншілігінде ғана емес, халықаралық аренада да үлкен әсер қалдырды.

Футболшының үздік ойын өрнегі UEFA Чемпиондар лигасының финалында айқын көрінді. Онда PSG клубы «Интер Милан» командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихында алғаш рет Еуропа чемпионы атанды. Дембеле бұл кездесуде 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген болатын.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Усман Дембеле өз командасына, жаттықтырушыларына және жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Ол бұл жетістікке жету жолында көп еңбектенгенін атап өтіп, футболдағы арманының орындалғанын айтты.

Дембеле – қазіргі заманғы ең жарқын әрі техникалық тұрғыдан қарымды ойыншылардың бірі ретінде мойындалуда. Оның «Алтын доп» жеңіп алуы бұл мәртебені тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. 

Фото: bbc.com