Үшінші дивизион аутсайдері Англия кубогында сенсация жасады
Англия кубогында күтпеген нәтиже тіркелді. Үшінші дивизионның аутсайдері саналатын «Порт Вейл» командасы Премьер-лигада өнер көрсететін «Сандерленд» клубын 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Сток-он-Трент қаласында өткен кездесудегі жалғыз голды жаңа зеландиялық шабуылшы Бен Уэйн соқты. Қазіргі таңда «Порт Вейл» үшінші дивизион турнирлік кестесінің соңғы орындарының бірінде келе жатқанымен, кубоктық бәсекеде сенсациялық нәтиже көрсетті.
Команданың бас бапкері Джон Брэди матчтан кейін бұл жеңістің өзі үшін де күтпеген жағдай болғанын айтып, нәтижеге аздап таң қалғанын жеткізді.
Сондай-ақ тағы бір Премьер-лига клубы «Фулхэм» де жарыстан шығып қалды. Олар Чемпионшип өкілі «Саутгемптон» командасына 0:1 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Арсенал» және «Челси» клубтары Англия кубогының ширек финалына өткен болатын.
Ал осы маусымдағы ең ірі сенсация - өткен жылғы жеңімпаз «Кристал Пэлас» клубының 1/32 финалда алтыншы дивизиондағы «Маклсфилд» командасынан 1:2 есебімен жеңілуі болды.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған