457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Унаи Эмери АПЛ-де желтоқсан айы бойынша үздік бапкер атанды

Өткен айда «Астон Вилла» алты матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, чемпиондық күресте сенімді түрде алға шықты.

Испан бапкері Унаи Эмери «Астон Вилла» командасын желтоқсан айында  Англия Премьер-лигасының (АПЛ) айдың үздік бапкері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

Өткен айда «Астон Вилла» алты матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, чемпиондық күресте сенімді түрде алға шықты. 21-турдан кейін команда турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасып отыр. 

Эмери - клуб тарихында айдың үздік бапкері атағын алған бес бапкердің бірі. Испан бапкердің еншісінде осыған дейін үш сыйлық бар, бұл көрсеткіш бойынша ол Мартин О’Нилдан (төрт сыйлық) кейінгі орында. Мартин О’Нил «Астон Вилла» командасын 2006–2010 жылдары жаттықтырған.

Айдың үздік бапкері атағына сонымен қатар Микель Артета («Арсенал»), Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити») және Даниель Фарке («Лидс Юнайтед») бапкерлері де ұсынылған. Ал өткен айларда үздік бапкер атанған Рубен Аморим («Манчестер Юнайтед») және Энцо Мареска («Челси») өз орындарынан босатылған еді.

Эмери өзінің бапкерлік мансабын 2012 жылы Мәскеудегі «Спартак» командасында бастаған. Кейін ол «Севилья», «Пари Сен-Жермен», «Арсенал» және «Вильярреал» клубтарын да жаттықтырған.

Қазіргі таңда «Астон Вилла» АПЛ турнирлік кестесінде үшінші орынға жайғасқан. 21 ойыннан кейін команданың еншісінде 43 ұпай бар. Келесі ойынын клуб 18 қаңтарда «Эвертонға» қарсы өткізеді.

Фото: Getty Images