«Ұлытау» өз алаңында жеңіске жетті
Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ұлытау» өз алаңында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз голды алаң иелерінің қорғаушысы Георгий Бугулов бұрыштамадан асырылған доптан кейін соқты. Матчтағы шешуші сәт бірінші таймда тіркелді.
Ойын 16 наурыз күні Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында өтті. Кездесуге Қаратаудан келген бас төреші Ба,дат Абдуллаев жетекшілік етті.
Бастапқы құрамдар:
«Ұлытау»: Непогодов, Кейлер, Бухал, Бугулов, Чалкин, Бугнон, Вачиберадзе, Киши, Харада, Анане Мартин, Смит.
«Қызылжар»: Челядник, Соколенко, Сламбеков, Козленко, Галабов, Пищевич, Краишник, Макаренко, Гомис, Бугре, Бьорталид.
Бірінші тайм тартысты өтті. 13-минутта «Ұлытаудың» қорғаушысы Георгий Бугулов бұрыштамадан көтерілген допты сәтті пайдаланып, есеп ашты.
Үзілістен кейін «Қызылжар» допқа көбірек иелік етіп, таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда қонақтар өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады.
Осылайша матч 1:0 есебімен Жезқазған командасының пайдасына аяқталды.
Бұл жеңістен кейін «Ұлытау» төрт ұпайға жетті. Ал «Қызылжардың» еншісінде үш ұпай бар.
Фото: «Ұлытау» клубының баспасөз қызметі
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған