457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ұлытау» өз алаңында «Ақтөбені" жеңді

Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған ХVІІІ-турындағы соңғы ойын өтті.

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған ХVІІІ-турындағы соңғы ойын өтті, деп хабарлайды malimsport.kz. 

Бұл кездесуде «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Ақтөбе» шеберлік байқасты. Матч барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Ойынның 6-минутында жезқазғандық Георгий Бугулов қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. Оған 45-минутта ақтөбелік клубтан Жайро Жан бір голмен жауап қайырды. Ал 74-минутта «Ұлытау» сапынан Бағдат Данияров жеңіс голын соқты.

Осылайша жезқазғандық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Аталған турда 25 шілдеде «Жеңіс» (Астана) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0 есебіне қанағат білдірді. Бұл турдағы 30 сәуірде алдын ала өткізілген ойында «Атырау» өз алаңында «Астанаға» 0:2 есебімен жол берген еді.

Сондай-ақ 26 шілдеде алматылық «Қайрат» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 3:1, өз алаңында семейлік «Елімай» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0, қызылордалық «Қайсар» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0, шымкенттік «Ордабасы» Түркістанның «Тұранын» 4:0 есебімен жеңді. 

Енді 22 қыркүйекте «Қайрат» (Алматы) мен «Жеңіс» (Астана) кейінге қалдырылған 20-тур ойынын өткізеді. 

Фото: Kffleague.kz