Ұлыбританияның Edinburgh News басылымы шотландиялық «Хартс» клубының Қазақстан құрамасының және Қостанайдың «Тобол» командасының футболшысы Ислам Чесноковты сатып алуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Клубтың бас директоры Эндрю Маккинли трансферді растағанымен, ойыншы ресми түрде командаға тек 2026 жылғы қаңтардан бастап қосылатынын атап өткен.
Мақалада айтылғандай, Чесноков – Қазақстан құрамасының оң қанаттағы шабуылшысы. Ол ұлттық командада 19 матч өөткізген, ал «Тоболдағы» ойын саны 91 матч, осы кездесулерде ол 29 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
Басылым трансферге қатысты оптимизм жоғары екенін атап өткен. Әсіресе Jamestown Analytics мамандары бұрын Клаудио Брага мен Александрос Кизиридис сияқты ойыншыларды табуда табысқа жеткен тәжірибесіне сүйене отырып алға тартады.
Фото: Ашық дереккөзден