Украинада футбол федерациясының бұрынғы басшысы іздеуде жарияланды
Украина полициясы Украинаның футбол ассоциациясының бұрынғы президенті Андрей Павелконы іздеуге жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оны қаражатты жымқыру және қызмет өкілетін теріс пайдалану күдігі бойынша тергеп жатыр.
Анықталған мәліметтер бойынша Павелкоға мүлікті жымқыру немесе ысыраптау, қызмет өкілетін теріс пайдалану және қызметтік жалған құжат жасау айыптары тағылған. Ол қарашадан бері байланысқа шықпай отыр, сондықтан Украина ІІМ оны іздеудегі адамдар тізіміне енгізген. Болжам бойынша, Павелко елден шығып кеткен.
Павелко 2015 жылдың наурызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Федерацияны басқарып, кейін Украиналық футбол ассоциациясына қайта аталған ұйымның президенті болған.
2022 жылғы қарашадан бастап ол футбол алаңдарына жасанды жабынды өндірілетін зауыт құрылысына қатысты қаражатты жымқыру ісінде фигурант ретінде қарастырылып отыр. Тергеп-тексеру мәліметтері бойынша, УАФ қызметкерлері жабдық сатып алу кезінде 26,5 млн грн (шамамен 322,8 млн теңге) қаражатты иемденген. Айыптар бұрынғы бас хатшы Юрий Записоцкийге де тағылған.
2023 жылғы маусымнан 2024 жылғы ақпанға дейін Павелко қамауда болған, бірақ СИЗО-дан шыққаннан кейін Украина аумағын тастай алған. Оның нақты қайда екені әзірге белгісіз.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған