UEFA штаб-пәтерінде әйелдер төрешілігіне арналған алғашқы конференция өтті
Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан UEFA штаб-пәтерінде ұлттық қауымдастықтардағы төрешілікті дамытуға жауапты әйелдерге арналған алғашқы конференция ұйымдастырылды.
Іс-шара УЕФА-ның әйелдер футболын дамыту стратегиясы аясында өткізіліп, еуропалық төрешілік жүйесін басқаруда әйелдердің рөлін күшейтуге бағытталды.
Конференция барысында қатысушылар ұлттық қауымдастықтардағы әйелдер төрешілігіне жауапты мамандардың өзара байланыс желісін құру, тиімді ынтымақтастық қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ әйелдер арбитражын дамытудың өзекті бағыттарын талқылады.
Атап айтқанда, төрешілерді даярлау жүйесін жетілдіру, халықаралық тәжірибе алмасу, жас мамандарды қолдау және басқарушылық деңгейде әйелдердің үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған конференцияға Қазақстан футбол федерациясы атынан Эльвира Нұрмұстафина қатысып, әйелдер төрешілігін дамыту бағытындағы ұлттық тәжірибе мен бастамалар туралы ақпарат ұсынды.
Фото: ҚФФ
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған