457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

УЕФА серіктесі әлемдік футболшылардың жалақысы екенін мәлімдеді

CIES 100 ойыншыдан тұратын тізім жариялап, олардың спорттық жетістіктеріне қарай қанша табыс алуы керектігін есептеген.

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы – CIES Football Observatory әлемдегі футболшылар өз еңбегіне лайық жалақы алмайтынын хабарлады, деп жазады malimsports.kz.

CIES 100 ойыншыдан тұратын тізім жариялап, олардың спорттық жетістіктеріне қарай қанша табыс алуы керектігін есептеген. Алайда бұл есептелген сомалар футболшылардың қазіргі жалақысынан жиі айтарлықтай ерекшеленеді.

CIES есептеу кезінде назарға алған көрсеткіштер:

- алаңда өткізген уақыт,

- матчтардың деңгейі,

- негізгі құрамға тұрақты кіруі,

- ойыншының негізгі позициясы.

Бұл модель шамамен 2 мың келісімшартқа байланысты жиналған деректерге негізделген. Орталықтың айтуынша, әділ жалақы мына факторлармен анықталуы тиіс:

- соңғы 365 күн ішіндегі ойын минуттарының ресми матчтар деңгейіне қатынасы,

- негізгі құрамда шыққан матчтар пайызы.

CIES нақты келісімшарт мәліметтері мен бонустар ескерілген-ескерілмегенін ашып айтқан жоқ.

Есеп бойынша ең жоғары табыс алуы тиіс ойыншы – Килиан Мбаппе

CIES дерегінше, «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе 2025 жылы өзінің спорттық көрсеткіштеріне қарай 22,8 млн еуро алуы керек. Бірақ клубтағы нақты жалақысы бұдан 8,4 млн еуроға жоғары.

Ал «Ювентус» жартылай қорғаушысы Кенан Йылдыз бен «Милан» шабуылшысы Рафаэл Леау орталық есебі бойынша 9,3 млн еуро алуы керек. Қазір Йылдыздың жалақысы – 3 млн еуро, Леаудың жалақысы – 6,4 млн еуро.

CIES бағалауы мен ресми жалақы айырмашылығы (РБК талдауы):

Килиан Мбаппе (Реал) - 22,8 млн (шынайы 31,2 млн)

Мохамед Салах (Ливерпуль) - 17,9 млн (20,8 млн)

Джуд Беллингем (Реал) - 17,5 млн (20,8 млн)

Жуан Невеш (ПСЖ) - 17,3 млн (5,8 млн)

Доминик Собослаи (Ливерпуль) - 17,1 млн (6,2 млн)

Усман Дембеле (ПСЖ) - 16,9 млн (18,2 млн)

Хулиан Альварес (Атлетико) - 16,9 млн (12,5 млн)

Лаутаро Мартинес (Интер) - 16,7 млн (16,7 млн)

Ламин Ямаль (Барселона) - 16,7 млн (16,7 млн)

Винисиус Жуниор (Реал) - 16,2 млн (20,8 млн)

Хвича Кварацхелия (ПСЖ) - 16,2 млн (16,4 млн)

Маркус Тюрам (Интер) - 16 млн (7,7 млн)

Луис Диас (Бавария) - 15,7 млн (14 млн)

Гарри Кейн (Бавария) - 15,7 млн (25 млн)

Коди Гакпо (Ливерпуль) - 15,5 млн (13 млн)

Орельен Тчуамени (Реал) - 15,3 млн (12,5 млн)

Бредли Баркола (ПСЖ) - 15,3 млн (7,3 млн)

Рафинья (Барселона) - 15,3 млн (16,7 млн)

Эрлинг Холанд (Манчестер Сити) - 15,2 млн (27,3 млн)

Райан Гравенберх (Ливерпуль) - 15,1 млн (7,8 млн)

Басылымның мәліметінше, CIES - ФИФА серіктесі және 2004 жылдан бері спорттық менеджмент бойынша халықаралық бағдарламаларды бірге жүзеге асырып келеді.

Фото: РБК