УЕФА «Реал» футболшысын екі матчқа шеттетті
УЕФА мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Родригоны Чемпиондар лигасының екі ойынына дисквалификациялады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Родриго бұл жазаны Лиссабонның «Бенфикасымен» өткен матчта алаңнан қуылғаннан кейін алды. Қосымша уақытта ол қарсыластың уақыт созу әрекетіне наразылық білдіріп, екі сары қағаз алған.
Оқиғаны қараған УЕФА-ның тәртіптік комитеті футболшының төрешіге қатысты қорлау сипатындағы сөздер қолданғанын анықтаған. Осыған байланысты стандартты бір матчтық шеттету жазасы екі матчқа дейін ұзартылды.
Аталған кездесу «Бенфиканың» 4:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұл нәтиже «Реалға» турнирдің жалпы кезеңінде үздік сегіз команданың қатарына енуге мүмкіндік бермеді. Соның салдарынан мадридтік клуб Чемпиондар лигасының 1/8 финалына тікелей жолдама ала алмай, плей-оффтың өтпелі матчтарына қатысуға мәжбүр болды.
Жеребе нәтижесінде «Реал» плей-оффта қайтадан «Бенфикамен» кездеседі. Алайда Родриго бұл екі матчты да өткізіп алады. Бұл мадридтік клуб үшін турнирдің шешуші кезеңінде елеулі кадрлық шығын болмақ.
Фото: Ашық дереккөзден
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған