457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

УЕФА Қазақстанға 5 миллион еуродан астам қаржы бөледі

Аталған жүйеге сәйкес, бөлінетін сома екі негізгі көрсеткіш бойынша анықталады

УЕФА еурокубоктарға қатыспаған Қазақстан Премьер-лигасы клубтары үшін Қазақстанға 5 миллион еуродан астам қаржы аударады. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

УЕФА-ның ресми сайтында әр ұлттық федерацияға бөлінетін қаржыны есептеу әдістемесі көрсетілген құжат жарияланды. Аталған жүйеге сәйкес, бөлінетін сома екі негізгі көрсеткіш бойынша анықталады:
– 70 пайыз – елдің УЕФА рейтингіндегі орнына (access list) байланысты;
– 30 пайыз – маусымдағы еурокубоктарда ең жоғары нәтиже көрсеткен клубтың табысына қарай (competitive balance).

УЕФА рейтингісінің топ-5 құрамына кірмейтін елдер үшін жалпы 258 миллион еуро қарастырылған.

Қазіргі таңда Қазақстан УЕФА рейтингінде 36-орында тұр. Осы көрсеткішке сәйкес, рейтингтік үлес бойынша елге шамамен 2,59 миллион еуро тиесілі.

Ал есептеулерге сай, алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алты тур үшін шамамен 25 миллион еуро табыс тапқан. Осыған байланысты бәсекелестік тепе-теңдік үлесі ретінде Қазақстанға тағы 2,58 миллион еуроға жуық қаржы қарастырылады.

Осылайша, барлық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) УЕФА-дан жалпы 5,175 миллион еуро көлемінде қаражат алуы мүмкін.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері еурокубоктардан шеттетілген Ресей УЕФА-дан шамамен 3,83 миллион еуро алады.

Фото:Gettyimages.ru