УЕФА қазақстандық клубтарға көлемді қаржы аударды
Қазақстандық футбол клубтарына 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдері аударылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және клубтардың ойыншыларды даярлау жүйесін қолдауға бағытталған.
ҚФФ мәліметінше, Ынтымақтастық төлемдері УЕФА белгілеген талаптарға сәйкес келетін 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары арасында бөлінді. Жалпы төлем көлемі 7 754 000 еуроны құрады. Әр клуб 596 461 еуродан алды.
Ынтымақтастық төлемдерін алған клубтар қатарында «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» бар.
«Қайрат» футбол клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқандықтан, турнирге қатысқаны үшін жүлделік бонустар алды.
Фото: ҚФФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған