УЕФА Қазақстан мен Бельгия арасындағы матч жөнінде шешім қабылдады
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан мен Бельгия арасындағы матч Астанада өтетінін растады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойын жоспарланғандай «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл стадионның төбесі жабық болғандықтан, қар мен аязға қарамастан матч жайлы жағдайда ұйымдастырылмақ.
Бельгия корольдігі футбол қауымдастығының денсаулық және жұмыс қабілеттілігі жөніндегі менеджері Стивен Пробст барлық қажетті шаралардың қабылданғанын айтты.
«Астанадағы стадионның үсті жабық болуы – үлкен артықшылық. Мұны УЕФА да растады. Соның арқасында стадион ішіндегі температура шамамен 12 градус болады», - деді ол.
Еске сала кетейік, құрамалар 15 қараша күні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында кездеседі. Ойын жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.
Бұл матч қазақстандықтар үшін іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын болмақ - команда әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігін әлдеқашан айырылды.
Фото: ҚФФ
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған