Мәзір
Футбол

УЕФА Қазақстан – Бельгия кездесуіне байланысты ресми мәлімдеме жариялады

Сабина Асқарқызы 141 қаралым
УЕФА Қазақстан – Бельгия кездесуіне байланысты ресми мәлімдеме жариялады

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Бельгия (1:1) матчы бойынша өз деректерін ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұйымның хабарлауынша, Бельгия құрамасы J тобындағы көшбасшылықты Ханс Ванакен соққан голдың арқасында сақтап қалды. Капитан Тимоти Кастаньның дәл пасынан кейін екінші таймның басында баспен гол соғып, есепті теңестірді. ӘЧ іріктеуіндегі соңғы 35 матчта жеңілмеген бельгиялықтар Астанадағы кездесуді қиын бастап, күтпеген қарсылққа тап болды.

«Матчтың тоғызыншы минутында Қазақстан құрамасының 17 жастағы жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев жоғары прессинг нәтижесінде Матц Селс қақпасына дәл соққы бағыттап, алаң иелерін алға шығарды. Ойын соңына қарай Ислам Чесноков қызыл қағаз алып, Қазақстан құрамасының жағдайын қиындатты. Соған қарамастан, Бельгия жеңіске жете алмады. Матч 1:1 есебімен аяқталды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Бельгия құрамасы 15 ұпаймен J тобында көш бастап келеді. 2026 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдамаға мүмкіндік алу үшін оларға Астанада жеңіс қажет еді. Бельгия Іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын 18 қарашада Лихтенштейнге қарсы өтеді.

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар