457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

УЕФА өкілдері Қазақстан стадиондарын тексеруге келді

Бағдарламаның алғашқы күнінде Өскемен мен Ақтау қалаларында салынуы жоспарланған жаңа стадиондардың жобалары таныстырылды

Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 10-12 наурыз күндері ҚФФ кеңсесінде УЕФА өкілдерінің жұмыс сапары өтеді. 

Қазақстанға УЕФА президентінің кеңесшісі Йозеф Климент және УЕФА-ның стадион инфрақұрылымын дамыту жөніндегі аға сарапшысы Пьетро Кьябрера келді. Сапардың негізгі мақсаты – стадиондарды лицензиялау талаптары мен инфрақұрылым жобаларын талқылау.

Бағдарламаның алғашқы күні Өскемен мен Ақтау қалаларында салынуы жоспарланған жаңа стадиондардың жобалары таныстырылды. Кездесуге аталған нысандардың жобалаушылары мен жауапты мамандары қатысты.

Талқылау барысында стадиондардың қай жерде орналасатыны, қанша адамға арналғаны, жалпы инфрақұрылымы және УЕФА талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні қарастырылды. Сонымен қатар әр жоба бойынша техникалық шешімдер мен оны іске асыру кезеңдері де талқыланды. Негізгі мақсат – болашақ стадиондар УЕФА талаптарына толық сай келіп, халықаралық деңгейдегі матчтар мен турнирлерді қабылдай алатындай болуы.

Фото: ҚФФ