УЕФА офсайд ережесін өзгертуге қарсылық танытты
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) офсайд ережесін өзгерту туралы ұсынысты қолдамады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осыған дейін испандық AS газеті Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) 20 қаңтарда офсайд ережелерін өзгерту мүмкіндігін қарастыратынын хабарлаған еді.
Қазақпараттың жазуынша, қазіргі уақытта офсайд шабуылдаушы ойыншының денесінің гол соғуға болатын кез-келген бөлігін тапқан кезде, соңғы қорғаушы футболшыға, оның ішінде қақпашыға қарағанда, қарсыластың қақпасына жақынырақ ауысқан кезде бекітіледі.
Лондондық "Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері, халықаралық футбол федерациясының (FIFA) жаһандық футболды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған Арсен Венгер келесі өзгерісті енгізуді ұсынған. Егер гол соғуға болатын дененің кез келген бөлігі соңғы қорғаушының сызығында немесе артында болса, онда ойыншы офсайдта емес деген бастама айтылған еді. Алайда бұл ұсынысқа УЕФА қолдау білдірмеді.
Фото:
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған