457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UEFA мен CONCACAF Ұлттар лигасын бірге өткізуіді қарастырып жатыр

UEFA мен CONCACAF футболдан Ұлттар лигасының ортақ турнирін құру жобасын талқылап жатыр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жоба жүзеге асқан жағдайда жаңа жарысқа екі конфедерацияның құрамындағы 96 ұлттық құрама қатысады. Оның ішінде 55 команда – UEFA, ал 41 құрама – CONCACAF мүшелері.

Алдын ала жоспар бойынша ұлттық құрамалар рейтингке сәйкес бірнеше дивизионға бөлінеді. Жоғары дивизионда Испания, Франция, Англия, АҚШ, Мексика және Канада секілді құрлықтардың жетекші құрамалары бақ сынауы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі рейтингке сәйкес Қазақстан құрамасы төменгі дивизиондардың бірінде өнер көрсетуі ықтимал.

Жаңа формат ұлттық құрамаларға өз деңгейіндегі қарсыластармен тұрақты ресми кездесулер өткізуге мүмкіндік береді. Топтық кезең матчтарын қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық ойын күндерінде өткізу жоспарланып отыр. Плей-офф кезеңі наурыз айына белгіленсе, төрт үздік құраманың қатысуымен өтетін финалдық кезең маусым айында ұйымдастырылмақ.

The Guardian мәліметінше, біріккен Ұлттар лигасы жобасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін іске қосылуы мүмкін. Турнирді екі жылда бір рет өткізу көзделіп отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жоба талқылау сатысында. Сондықтан жарыстың форматы мен өткізу мерзімі алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.

Ең көп оқылған