457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UEFA іріктеу кезеңіне өзгеріс жасамақ

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінің өткізілу форматын өзгерту мүмкіндігін талқылап жатыр.

The Times басылымының хабарлауынша, УЕФА құрамалар комитеті жаңа форматты әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құрған. Топ бірнеше нұсқаны зерттеп жатыр.

Соның бірі - Ұлттар лигасын іріктеу турнирі ретінде пайдалану идеясы. Бұл жағдайда құрамалар өз лигаларындағы нәтижелеріне қарай әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Тағы бір нұсқа - швейцариялық форматты (Swiss system) енгізу. Бұл үлгіде командалар жалпы турнир кестесінде орналасып, әрқайсысы бірнеше кездесу өткізеді. Мұндай жүйе өткен маусымнан бері еуропалық клубтық турнирлерде сәтті қолданылып келеді.

УЕФА бұл мәселені екі апта бұрын Малагада өткен 55 ұлттық федерацияның бас хатшыларының кездесуінде талқылаған. Ұйым іріктеу матчтарына көрермен қызығушылығы мен трансляция табысының төмендеуіне алаңдаулы. Ал Ұлттар лигасы керісінше, рейтинг пен коммерциялық тұрғыда жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

«Іріктеу ойындарына қызығушылық азайып келеді, ал Ұлттар лигасы керісінше көрермендер мен табыс тұрғысынан өсіп жатыр. Енді басты міндет - үлкен құрамаларға да, шағын елдерге де әділетті мүмкіндік беретін формат табу», - деп мәлімдеді дереккөз The Times-қа.

Мұндай реформа қабылданған жағдайда, Қазақстан құрамасы үшін де жаңа мүмкіндік туады. Бұған дейін еліміздің басты командасы әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық кезеңіне шыға алған жоқ, ал жаңа жүйе кіші құрамаларға жол ашуы ықтимал.

Фото: Report