457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

УЕФА Инфантиноның орнына үміткер қарастырып жатыр

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті қызметіне Джанни Инфантиноның орнына ықтимал үміткерді іздеуге кірісті. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Басылымның мәліметінше, УЕФА басшылығы ФИФА-ны барлық құрлықтық конфедерацияларды біріктіре алатын тұлға басқаруы тиіс деп есептейді. Сонымен қатар ұйым еуропалық кандидаттың сайлауда жеткілікті дауыс жинауы қиын болатынын түсінеді.

The Telegraph ақпаратына сәйкес, УЕФА басшылығы 2016 жылдан бері Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні футбол конфедерациясын (КОНКАКАФ) басқарып келе жатқан канадалық Виктор Монтальянидің жұмысына жоғары баға береді.

Бұған дейін The i Paper басылымы Виктор Монтальянидің ФИФА президенті сайлауында Джанни Инфантиноға қарсы түсу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған болатын.

Сондай-ақ ықтимал кандидаттардың қатарында Азия футбол конфедерациясының (AFC) президенті Шейх Салман бин Ибрагим әл-Халифа да аталады. Ол 2016 жылғы ФИФА президенті сайлауында Джанни Инфантинодан жеңілген еді.

Еске салайық, Джанни Инфантино ФИФА президенті қызметін 2016 жылдан бері атқарып келеді. Ол келесі жылдың наурыз айында өтетін сайлауда қайтадан осы лауазымға үміткер болатынын мәлімдеген.

 

Фото: Omar Vega / Getty Images