457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

УЕФА футболдан әлем чемпионатына балама турнир өткізуді жоспарлап отыр

УЕФА әзірлеген жоба Ғаламдық Ұлттар лигасы (Global Nations League) деп аталады.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) футболдан әлем чемпионатына балама болатын халықаралық турнир өткізудің жоспарын қайта қарастыруы мүмкін. Бұл туралы Sky News хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Ақпаратқа сәйкес, УЕФА мұндай жобаның тұжырымдамасын алғаш рет 2017 жылы әзірлеген. Алайда кейін бұл бастама жүзеге аспай қалған.

Бұған дейін УЕФА және оған мүше 55 ұлттық футбол федерациясы ФИФА әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарының бір бөлігін жеке инвесторларға сату жоспарына қарсылық білдіріп, ұйымның қолдауымен өтетін жарыстарға бойкот жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Жобаға сәйкес, ФИФА құны 20 миллиард АҚШ долларына бағаланған FIFA Forward Enterprise (FFE) еншілес компаниясын құрып, оның 25 пайыз үлесін 4,2 миллиард долларға сыртқы инвесторларға сатуды көздеп отыр.

Sky News-тің мәліметінше, УЕФА әзірлеген жоба Ғаламдық Ұлттар лигасы (Global Nations League) деп аталады. Турнир өңірлік іріктеу кезеңдерінен кейін сегіз құраманың қатысуымен өтетін финалдық кезеңді қамтуы тиіс болған. Жарысты Еуропа және әлем чемпионаттарымен сәйкес келтірмеу үшін тақ жылдары ұйымдастыру жоспарланған.

Жоба аясында бір ғана финалдық турнир емес, рейтинг деңгейіне қарай бөлінген жеті финалдық кезең өткізу көзделген. Әр турнирге сегіз команда қатысып, жарыс ширек финалдан басталуы тиіс еді.

Турнирдің жоғары дивизионында Еуропадан үш, Оңтүстік Америкадан екі, Африка, Азия және Солтүстік Америкадан бір-бір команда өнер көрсетуі жоспарланған. Ал Мұхит аймағы (Океания) төртінші деңгейдегі финалдық турнирде бір командамен ғана ұсынылуы керек болған.

Алайда бұл жоспар кейін жүзеге аспады. Оған ФИФА президенті Джанни Инфантиноның клубтар арасындағы кеңейтілген әлем чемпионатын іске қосу туралы шешімі себеп болған.

Енді ФИФА мен УЕФА арасындағы келіспеушіліктер аясында еуропалық ұйым осы жобаны қайта күн тәртібіне шығаруы мүмкін.

Фото: Getty Images